Қостанай ауданында ауылдық округ әкімінің сайлауы өтіп жатыр

Қостанай ауданында ауылдық округ әкімінің сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.

Аталған елді мекенде таңғы сағат 08:00-ден бастап, үш сайлау учаскесі жұмыс істеді. Мичурин ауылдық округі әкімдігіне үш кандидат тіркелген. Олар — Берік Жұмағалиев, Талғат Майшев, Марат Сариев. Өз таңдауларын жасауға Мичурин, Алтынсарин, Садовой ауылдарының тұрғындары мүмкіндік иеленді. Сайлауға белсенді қатысқан тұрғындарға сый-сияпат берілді. Округ әкімі сайлауының қорытындысы туралы кейінірек хабарлаймыз.

Жаңалықтармен бөлісу