Қашар мен Горняцк кенттері сайлауды ерекше қарқынмен бастады

Қашар мен Горняцк кенттері сайлауды ерекше қарқынмен бастады

Қашар кентінің тұрғындары түске дейін дауыс беріп үлгерді. Бұл олардың ерекше белсенділігінің дәлелі. Қазір учаскелер дауыс санауды бастаған.

Қашар кентінде 6793  сайлаушы тіркелген. Оның ішінде мүгедек жандар саны – 31. Бес учаске жұмыс істесе, солардың бәріне халық жауапкершілікпен келіп, таңдауларын жасаған.

“Қазір 1 учаске жұмысын толықтай, 100 пайыз орындады. Қазір тұрғындардың дауысы саналып жатыр. Одан әрі Рудный қаласына жөнелтіледі. Осы қарқынмен кешке жетпей барлық учаске жұмысын аяқтайтынына кәміл сеніп отырмыз”, – дейді кент әкімі Саят Ахмеджанов.

Мұнда да жергілікті халыққа барлық қолайлы жағдай жасалған. Сауда-саттық ұйымдастырылып, көңіл-күй көтеретін іс-шаралар әзірленген. Рудныйға қарасты тағы бір кент Горняцкіде де халық саяси додаға зор жауапкершілікпен қарап жатыр.

“Жерлігікті әкімдікте орналасқан №161 учаскеде жұртпен бірге дауыс бердім. Халықтың белсенділігіне көзім жетті. Бұл сайлауға тұрғындардың селсоқ қарамайтынын көрсетеді. Саяси науқанға ел сенімінің қалыптасып келе жатқанын да дәлелдейді. Қалған халайықты да бір кісідей атсалысуға шақырамын”, – деп отыр кент әкімі Зейнелғабиден Әбілов.

 

Жаңалықтармен бөлісу