Көктемгі су тасқынының салдарын жоюға белсене қатысқан азаматтар марапатталды

Көктемгі су тасқынының салдарын жоюға белсене қатысқан азаматтар марапатталды

Қала әкімінің қолынан марапат алғандардың қатарында «AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сабыржан Нұрсалиұлы, «Қызылжұлдыз» ауылының учаскелік инспекторы Қайсар Хамитбекұлы, «Қайрат» спорт мектебінің жаттықтырушысы Ағыбай Маратұлы және «Біздің Арқалық штабының» мүшелері, институт, колледж студенттері, еріктілер бар.

Сондай-ақ, қала әкімінің «Алғыс хаты» су тасқыны кезінде машина, трактор, экскаватор сынды сан түрлі техниканы тізгіндеген азаматтарға да көптеп тапсырылды.

Биылғы алапат су тасқынымен күрес – халықтың бірлігін көрсетті.

Халық бір кісідей жұмылып, ауызбірліктің, ұйымшылдықтың ерен үлгісін танытты.

“Қалаға жан-жақтан гуманитарлық көмектер жіберілді. «AMANAT» партиясының атынан да азық-түлік, киім-кешек тиелген бірнеше үлкен жүк көліктері келді. Жол болмай қалған уақытта вагонмен де жіберді. Келген көмектерді мұқтаж жандарға таратып беруге еріктілер айрықша еңбек сіңірді. Еңбегімізді ескеріп жатқан қала басшылығына зор алғысымызды білдіреміз», – дейді «AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сабыржан Тасмағанбет.

Қала басшысы атап өткендей бүгінде су тасқынынан зардап шеккендерге үкіметтен көмек беріліп жатыр.

Үйлері тұруға жарамсыз болып қалған тұрғындарға қаладан пәтерлер сатып әперілуде.

Таяуда су кірген үйлерді жөндеуге де қаражаттар аударыла бастайды.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суреттерді түсірген автор

                                                                            Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу