Биыл көктемгі су тасқынынан Арқалық қаласына қарасты ауылдардағы үйі суға кеткен шаруа қожалықтары мамыражай мамыр айын киіз үйде қарсы алуға мәжбүр.
Шаруашылықтардың бәрін су шайып кеткен. Үй де, қора да, мал да шығын болды.
Су алғашқы қарқында Екідің ауылын басып өтті.
“Жалғыз біз емес, ауыл орталығынан да біраз үйлер судың астында қалды. Үкімет көмегін беріп жатыр. Жергілікті билік те қолдан келген жәрдемін аяп жатқан жоқ. Халық та бір-біріне деген адами ізгі қасиеттерін көрсетіп, қиындықты жұмыла көтерісті. Өз мәселемізбен жеке қалғанымыз жоқ. Зардап шеккендерге келген шығындардың бәрі есептеліп, төленіп жатыр. Ел қамын ойлаған азаматтарға зор алғысымызды білдіреміз. Еліміздің бірлігі, ынтымағы мен берекесі арта берсін», – дейді Екідің ауылындағы «Жасымбек» шаруа қожалығының төрағасы Құрманғазы Нұрғабылов.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы