Құжат елдегі қаржылық қылмыстармен күресу шараларын күшейтуге және қаржылық операциялардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Кездесу барысында тараптар өзекті мәселелерді, соның ішінде шетелден есірткі заттарын жеткізу арналарының жолын кесу және елге психотроптық және есірткі заттарын әкелуге қарсы іс-қимылды талқылады.
ҚМА төрағасы Д.Малахов Агенттік есірткі контрабандасының, оның ішінде халықаралық тасымалдау арқылы жолын кесу бойынша белсенді шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
Ол тек соңғы 3 жылда 70-ке жуық арна тоқтатылғанын, 125 келіден астам есірткі тәркіленгенін айтып, ҚМА мен «Қазпошта» арасындағы өзара іс-қимыл жақсарып келе жатқанын, барлық мәселелер бюрократиясыз, онлайн режимде шешілетінін баса айтты.
«Қазпошта» АҚ төрағасы А.Жанасова пошта операторы ҚМА-мен серіктестіктің тиімділігіне сенім білдіретінін, бұл елде қауіпсіз қаржылық ортаны құруға әкелетінін және бұл өз кезегінде оның барлық тұрғындары мен бизнесіне пайдалы болатынын атап өтті.
Айта кету керек, келісім ақпарат пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ экономикалық қылмыстардың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша бірлескен іс-шараларды өткізудегі ынтымақтастыққа бағытталған.
@afm_rk