Қазақстан құрама командасы математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысады

Қазақстан құрама командасы математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысады

Болгарияның Варна қаласында  математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы басталды. Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам оқушы қатысып жатыр.

Бұл додаға Қазақстан құрамасының бірнеше оқушысы жолдама алды. Олардың арасында “Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жан Даутов та бар.

Алайда, Қазақстан құрама командасы математикадан 41-ші Балқан олимпиадасында  11-24 шілде аралағында бақ сынайды. Онда  Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалып, тәжірибе жинақтамақ.

Бұл олимпиадаға  Жан Даутовпен қатар Халықаралық Haileybury Almaty мектебінің 12 сынып оқушысы Мирон Юркевич, Жамбыл облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Марғұлан Шарел, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы Амир Сахипов, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы Амирлан Аманжолов, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы Тимур Мұрат та жолдама алды.

📌

 

Жаңалықтармен бөлісу