Қостанай қаласының әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алмат Исмағұлов «Колесные ряды» ауданының тұрғындарына су тасқынынан келтірілген шығынды өтеу механизмін және арнайы бағалау комиссиясының жұмыс тәртібін түсіндірді.
Айта кетейік, материалдық шығынды бағалау және өтеу жөніндегі арнайы комиссия 8 сәуірде жұмысын бастап, күн сайын жұмыс істейді.
Бағалаудан кейін комиссия төлемдердің мөлшерін анықтайды.
Бүгінгі таңда қалалық әкімдікке жалғыз баспана болып табылатын тұрғын үйлер мен саяжайлар тұрғындарынан материалдық шығынды өтеу туралы 210 өтініш келіп түскен.
29 сәуірден бастап үйлері су тасқынынан зардап шеккен азаматтар келіп түскен өтініштерді жеке қарау үшін қалалық әкімдікке шақырылады. Қала әкімдігі барлық мәселелер бойынша тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
Тоғжан Әбдуалиева
ҚӨУ – нің студенті