Қазіргі уақытта әлеуметтік төлем көрсетуге 1337 өтініш келіп түссе, 58,3 млнтеңге сомасына 158 өтініш берушіге төлемдер жүргізілген.
Қалалық әкімдікке материалдық залалды өтеуге 647 өтініш келіп түсті. Қаланың зардап шеккен аудандарында арнайы комиссия жұмыс істейді. Мүлікке техникалық тексеру және бағалау жүргізетін тәуелсіз сарапшылар тартылды. Бағалау жүргізілгеннен кейін комиссия төлемдер сомасын анықтайды.
Зардап шеккен Қостанай және Қостанай ауданының тұрғындарына 180 тоннаға жуық гуманитарлық көмек берілді.
“Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қасымханова 36, 2 кабинет 09-00-ден 17-30 сағатқа дейін түскі үзіліссіз) немесе egov.kz. порталы арқылы жүгінсеңіздер болады. Көмек көрсету мәселелері бойынша 109 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз”, – делінген Қостанай қаласы әкімдігінің ресми хабарламасында.