“Тобыл” ширек финалда

“Тобыл” ширек финалда

Қазақстан футбол лигасы кубогының 1/8 финалында Қостанайдың “Тобылы” қызылордалық “Қайсарды” қабылдады.

Сары-жасылдар алаң иелерінен басым өнер көрсетті. Ойынның 27 минутында Ислам Чесноковтың әуелете көтерген добын Ахмед Эл-Мессауди баспен “Қайсардың” қақпасына тоғытты. Бірінші тайм аяқталар тұста “Тобыл” қақпасына он бір метрлік айып добы белгіленді. Алайда алаң иелерінің сапынан пенальти орындаған Дмитрий Бородиннің добына Стас Покатилов тосқауыл болды. Екінші таймда Родослав Цонев жеке-дара көзге түсті. Ахмед Эл-Мессауди алаңға жаңадан шыққан Девид Эненнің пасын жақсы қабылдап, дубл авторы атанды. Есеп 3:0 “Тобыл” Қазақ футбол лигасы кубогының ширек финалында.

Жаңалықтармен бөлісу