Кәсіпкерлер Палатасы су тасқынынан зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу қағидаларына ұсыныстар енгізбек

Кәсіпкерлер Палатасы су тасқынынан зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу қағидаларына ұсыныстар енгізбек

Қазіргі уақытта зардап шеккен кәсіпкерлермен белсенді диалог жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер палатасына 100-ден астам зардап шеккен бизнес субъектілері жүгінді.

Алдын ала деректер бойынша өңірдегі бизнес үшін залал сомасы 2.7 млрд теңгеден асқан.

Палатада бұрын ТЖ туындаған кезде залалды өтеу жөніндегі ережелер осы рәсімдерді тек азаматтар үшін регламенттегені атап өтілген. Қазіргі уақытта бизнес үшін алгоритм әзірлеу үшін НҚА-ға түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Біз өңірдің бизнес-қауымдастығының пікірін ескере отырып, 10-нан астам ұсыныс енгіздік. Оларды қабылдау өте қысқа мерзімдерді талап ететінін атап өту маңызды, – деп жазды облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев Фейсбук парақшасында.

Жаңалықтармен бөлісу