Өңірлік жедел штабта төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмі әзірленіп жатыр. Аймақтың барлық су қоймаларында су деңгейі сағат сайын өлшеніп отыр.
Бүгінде облыстағы су қоймалары 90-100%-ке толған.
Дәл қазір Қаратомар су қоймасындағы судың жылдамдығы секундына 945 текше метрге төмендеді.
Тобыл өзені мен Түнтегір өзендері бойынан 9099 адам эвакуацияланып, 325 адам уақытша орналастыру пункттеріне жіберілген. Онда Үш мезгіл ыстық тамақ беріліп, барлық қажетті заттармен (жеке гигиена құралдары, ауыз су, дәрі-дәрмек және т.б.) қамтамасыз етілген.