Әлеуметтік желіде Жанкелдин ауданындағы Тәуіш ауылына Қоңыраулыдан су келіп жатқаны туралы видео тарады. Әуесқой түсірілім авторы бөгеттің төрт жерден бұзылып кеткенін, ауылға қауіп төндіріп тұрғанын айтады.
Судың қарқыны қатты екенін алға тартқан тұрғын ауылдың ой жақ көшесінің тұрғындарына көшуге де кеңес береді.
Осы бейнежазбаны негізге алып, Жанкелдин ауданы әкімдігінің мамандарымен байланысып көрдік.
«Бұл – Дәмдіден Қызбел елді мекенінің Қоңыраулы өзеніне түсіп, одан Тәуішке келіп жатқан ағын су. Ауыл шетіндегі Қисыққарасу жоласты су өткізгіші арқылы өтіп жатқаны туралы ақпарымыз бар. Бірақ, соңғы мәліметіміз бойынша, бөгеттің бұзылған жерлері қалпына келтірілген. Видеода айтылғандай үлкен қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді аудан әкімдігі өкілдері.