Арқалық қаласы білім бөлімі білім беру мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындықты оқытатын оқытушылардың және әскери-патриоттық «Жас сарбаз» үйірме жетекшілерінің кәсіптік құзырлығын арттыруды жетілдіру, мемлекеттік қорғаныс негізін және адамның төтенше жағдайлар кезіндегі өмірінің қауіпсіздігін зерделеу үдерісінде жеке тұлғалық-бағыттылық, құзырлық пен денсаулық сақтау тәсілдерін іске асыруды қамтамасыз ететін жұмыстардың инновациялық түрлері мен тәсілдерін енгізу мақсатымен 1 наурызында Восточный жалпы білім беретін мектебінде оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырдым.
Семинарға білім беру мекемелеріндегі барлық «Алғашқы әскери дайындық» пәні оқытушы-ұйымдастырушылары және әскери-патриоттық «Жас сарбаз» үйірме жетекшілері қатысты.
М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің «Жасөспірімдері әскер алдында дайындау орталығының» оқытушы-ұйымдастырушысы
С.К. Мухаметжанов оқу-жаттығу Калашников автоматын сабақ барысында қолданарда қауіпсіздік шаралары туралы тақырыпта шебер сынып көрсетті.
Восточный жалпы білім беретін мектебінің «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Е.Т. Сарин оқу-жаттығу Калашников автоматын қолданар барысында тактикалық және техникалық қасиеттері туралы тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Восточный жалпы білім беретін мектебінің әскери-патриоттық «Жас сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Е.Т. Сарин жалпы әскери қорғаныс жиынтығын (комбинезон) түрінде киіп шешу тәртібін және саптық дайындық тәсілдерінен оқу-жаттығулар көрсетті.
Семинар динамикалық және көңілді тартысты өтті әскери-патриоттық «Жас сарбаз» үйірмелерінің жетекшілерімен «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары белсенділік көрсетті.
С. УСЕМБАЕВ,
«Арқалық қаласы білім бөлімі» ММ әдіскері (ҚР ІІО запастағы офицер).