Наурыз мерекесіне орай №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінде оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін дәріптеу мақсатында «Асық – қазақ тәрбиесінің қазынасы» атты тақырыпта аудандық семинар-практикум ұйымдастырылды. Іс-шараға Әулиекөл ауданы білім бөлімінің әдіскері М.Галлямов, Құсмұрын ауылының әкімі А.Абжанов, мектебіміздің директоры А.Аяндина, жас буынға үлгі-өнеге боларлық құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар-практикумның келесі кезегінде мектеп психологі А.Абдикарим- ова келген қонақтарымызбен шағын тренинг өткізді. Семинар-практикум екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Э.Ивышева мен Е.Әуезхан дөңгелек үстел мен шебер сынып іс-шараларын ұйымдастырды. Екінші бөлімінде
Әулиекөл ауданының мектептері «Бес асық», «Бес табан» ойынының жарысына қатысты. Жарыс 5-6 сынып оқушылары мен 7-8 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында өтті.
Қорытынды бойынша «Бес асық» 5-6 сыныптар қыздары арасында
I орынды С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы, II орынды И.Я.Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, III орынды №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі иеленді.
«Бес асық» 7-8 сынып қыздары арасында I орынды №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі, II орынды Б.Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектебі, III орынды №2 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі иеленді.
«Бес табан» 5-6 сынып ұлдары арасында I орынды №2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі, II орынды И.Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, III орынды №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі иеленді.
«Бес табан» 7-8 сынып ұлдары арасында I орынды №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі, II орынды Б.Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектебі, III орынды №2 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі иеленді.
Номинация бойынша «Бес табан» 7-8 сынып ұлдары арасында «Ең үздік ойыншы» болып мектебіміздің оқушысы Мырзабек Алдекеев марапатталды.
Қазақтың ұлттық ойыны «Асық» туралы көбірек біле отырып, біз де мақтанарлық нәрсенің бар екенін, қазіргі қоғамның ұлттық дәстүрлер мен бабалардың әдет-ғұрыптарын лайықсыз ұмытқанын, «Асық» өте пайдалы әрі қызықты ойын екенін түсіндік.
Арайлым ИГІЛІК,
директордың тәрбие жөніндегі орынбасары
Гүльдария Хусаинова,
№1 Құсмұрын ЖББМ математика пәнінің мұғалімі
Торгай Дукенова,
мектеп тәлімгері