ҚМДБ Торғайға гуманитарлық жәрдем жіберді

ҚМДБ Торғайға гуманитарлық жәрдем жіберді

Торғайда су тасқынының қарқыны әлі қайтқан жоқ. Тәуіш, Көлқамыс, Көкалат, Аралбай ауылдарын су басып, Қызбел ауылына қауіп төнгенін хабарладық.

Жанкелдин ауданына демеушілердің гуманитарлық көмегі жетіп жатыр.

ҚМДБ өкілдері де жәрдем жіберді.

blank

Бұл туралы Торғайда жүрген «Қостанай таңы» газетінің фото тілшісі Бағдат Ахметбеков хабарлады.

blank
Оспан қожа әулие мешітінің бас имамы Айдос Әбдісалықов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанайдағы өкілдігінің атынан азық-түлікті қабылдап алды.