Арқалыққа ҚМДБ-ның қайырымдылық керуені келді

Арқалыққа ҚМДБ-ның қайырымдылық керуені келді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қоры» су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл көмек қайырымдылық керуені Торғай халқына көмегін жеткізді.

Еске сала кетсек, ҚМДБ Қостанай облысының оңтүстік өңірлеріндегі су тасқынынан болған төтенше жағдайға байланысты Арқалық қаласынан өзінің жедел көмек штабын ашқан болатын. Бұл штаб Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінде орналасқан.

«Мүфтияттан бір фура 20 тоннадай гуманитарлық көмек келді. Оның ішінде алғашқы кезекте қажетті барлық нәрсе бар. Жеткізілген ұн, сұйық май, рожки, картоп, жуа, матрас, көрпе, резеңке етік, күрек т.б заттарды қалаға қатысты біразын таратып бердік. Аманкелді, Торғайға және Жанкелдин ауданының Қызбел ауылына үш рейс жүк жіберілді.  Мешіт жамағаттары жүктерді уақытылы түсіруге жәрдемдесіп жатыр. Осы іске мұрындық болған әрбір азаматтарға, Астанадағы ҚМДБ қызметкерлеріне халықтың атынан зор алғысымызды білдіреміз.Алла разы болып, халыққа жеңілдігін берсін», – дейді Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Бақтыбай.

Бұған дейін Арқалықтағы арнайы штабына ҚМДБ – ның Қостанай облыстық өкілдігінен де қайырымдылық көмектері жеткізілген болатын.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу