Мәжіліс депутаты су тасқанынан жапа шеккен оңтүстік өңірлерге көмек берді

Мәжіліс депутаты су тасқанынан жапа шеккен оңтүстік өңірлерге көмек берді

Сын сағатта елге көмегін алып, алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев келді.

Халық қалаулысы су тасқыны кезінде елмен бірге болайық, елге көмектесейік деп, өз отбасының атынан жеке көмек ретінде екі фура азық-түлік әкеліпті.

Оның ішінде он тонна жоғары сапалы ұн, он тоннадан астам картоп бар.

Қазір соны Арқалық қаласы және Аманкелді, Жанкелдин аудандарына бөліп, жеткізіп бергелі отыр.

“Бұл жалғыз Торғай өңіріне емес, бүкіл Қазақстанның тең жартсына келіп жатқан қиыншылық. Жүз жылда бір болатын апат деуге болады. Қиындық көпшілікпен еңсеріледі, бөліссең жеңілдейді», – дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев.

Жеткізілген көмектерді дер кезінде қабылдап, тасқыннан зардап көрген мұқтаж жандарға жедел түрде таратуға мол күш сіңіріп жатқан қаланың жоғары және кәсіптік оқу орындарындағы волонтер жастардың да  еңбектерінің зор екенін  айтпай кетуге болмайды.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу