“Мейірімді жүрегі бар адам”, – дейді ауыл тұрғындары учаскелік полиция инспекторы Дархан Тұрғанов туралы.
Кеше ол Арқалықтан 48 шақырым жерде орналасқан Үштөбе ауылының тұрғындарына тегін нан таратты. Су тасқыны салдарынан бұл бағыттағы жолмен жүру қиындаған еді.
“Восточный ауылының наубайханасынан 50 бөлке нан сатып алдым. Досымнан “Ниваны” алып, Үштөбе ауылына апаруға шешім қабылдадым онда аздап су басу байқалды, – деді Дархан.
Үштөбіліктер тегін ыстық нан туралы хабарды ватсапп жалпы чаты арқылы білді. Нан дүкен сөресінен жарты сағат ішінде алынды.
“Дархан жарайсың! Алла разы болсын! Көмегің үшін рақмет!”, – деген тұрғындардан полицейдің атына алғыс сөздер айтылды.
Арқалық полициясы мұндай көмекті үнемі жүргізуді жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Дархан Тұрғанов далада үш күн бойы боранда жоғалып кеткен малшыны тапқан.