Төрт тәуліктен бері облыстың оңтүстігінде су тасқынынан алапат апат төніп, бүтіндей ауылдар су астында қалып жатыр. Бүгінде Аманкелді ауданының орталығынан бөлек, Байғабыл, Үрпек, Ақкісі ауылдарының адамдары эвакуацияланғаны туралы айтылды.
Күні кеше Қабырға ауылына қауіп төнгені жөнінде хабар жетіп отыр. Жедел желі 24/7 тәулік бойы қызмет көрсетіп, тұрғындардың өтініші арнайы жасаққа жедел жеткізіп жатыр. Осындайда: “айтпаса, сөздің атасы өледі” деген қазақ. Жеме-жемге келгенде, қазағым апат болған туған жерін уақытша тастап кетуге қимай жатқан ағайындар туралы облыстың оңтүстік өңіріндегі штабтардан хабар келіп жатыр. Аманкелді ауданының арнайы штабы жедел желі 24/7 құтқару қызметінің инспекторы Дархан Бүркітов бастаған дабыл қаққан тұрғындардың кейбірі эвакуациядан бас тартып жатқаны туралы “Қостанай таңының” Аманкелді ауданындағы меншікті тілшісі хабарлайды:
“Бүгінде апатты ауылдардың тұрғындарын құтқаруға арналған екі тік ұшақ бар. Оған қосымша екі қайық, трикол құрылғысы жұмыс істейді. Кешегі күні әуеге 19 рет көтеріліп, 200 ге жуық адам құтқарылды. Өтініш түскен жерге құтқарушыларды жіберсе, “мен кетсем, малыма кім қарайды?” деп көшуден бас тартып жатқандар бар. Мұндайда “малым, жанымның садақасы’ дейді қазақ. Ағайын, өз қауіпсіздігімізді ойлап, елге қолбайлау болмайық!” – дейді Айбек Таңатбаев.
Аудандық тжб тұрғындарға өмірлеріне абай болуды еске салады.