Аманкелді, Жанкелдин аудандарында электр қуаты істен шықты.
Облыстық Энергика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Аслан Орынбасаров Аманкелді ауданының кейбір елді мекендері мен Жанкелдин ауданының барлық жерінде жарық өшіп қалғанын айтты.
Ол ауданда облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов жүр. Ол жақтағы жұмыстарды жеке өзі басқарады.
“Бұл жағдайды қалпына келтіруге 12 арнаулы техника жұмылдырылды. Жиырма электрші тәулік бойы қызмет көрсетіп жатыр”, – дейді Аслан Орынбасаров.
Төтенше жағдай жарияланған бұл аудандарда су тасқыны жағдайында электр энергиясы да үзіліп жатыр. Барлық қызметті қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылданып, күшейтілген режимде жұмыс жүргізіліп жатыр.