22 мая, 2025
Қостанайдан Ақтөбеге шығатын жол жабылды

Қостанайдан Ақтөбеге шығатын жол жабылды

Көршілес Ақтөбе облысының ауылдарын  су басуына байланысты, «А-22 Қарабұтақ — Қостанай» Республикалық маңызы бар жолды жабу туралы шешім қабылданды.

Рудный қаласы мен Қостанай қаласының маңындағы  осы бағыттарға  блок-бекеттері қойылды.

Облыстық полиция департаменті Шымкент, Қызылорда қалалары арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын жол қозғалысын Көкшетау, Астана қалалары арқылы жүзеге асыру қажеттігін ескертеді.