Қостанай облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясы ұжымы және Гаджибалаев Рафаил Сададдин оглы Қостанай облыстық “Бірлік” Әзірбайжан қауымдастығының төрағасы қарғын судан зардап шеккен Аманкелді ауданына инертті (1000 дана қапшық, қолғап 500 дана, және күректер) көмек жіберді.
Осы заттарды аталмыш мекеменің мамандары Қостанайдан – Аманкелдіге алып келе жатыр.
“Осындай сауапты істі алғашқы болып қолға алған Қостанай облыстық КХА-на қиын кезде ұлттар достығының озық үлгісін көрсеткені үшін аудан халқының атынан рахмет айтамыз!”, – делінген аудан әкімдігінің хаттамасында.
Айбек ТАҢАТБАЕВ