Облыстың оңтүстік өңірлерінде су тасқыны салдарын жоюға көмектесу үшін Қызылорда облысының төтенше жағдай департаментінен 31 адамнан тұратын арнайы топ келді.
Олардың 6 техника, 2 жүзу құралы және 10 мотопомпасы бар.
Арқалық қалысы Сарыбас қыстағынан әуе арқылы 3 адам, Жұман қыстағынан жүзу құралдарымен 21 адам құтқарылған.
Қазіргі уақытта Арқалық қаласының 4 қыстауында 15 адамды авиаэвакуациялау қажет болып тұр.
Сарыторғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қызылжұлдыз ауылынан Қайыңды ауылына 100 тұрғынды көшіру операциясы жүргізілуде.
Оған 3 бірлік техника тартылып, жергілікті тұрғындар өз бетінше эвакуация ұйымдастырды.
Суреттерді түсірген –Бердіболат Көркембаев