Қардың күрт еруінен “Шұбалаң-Қарасу” бағытындағы Ақкөл ауылынан 18 км қашықтықтағы жолды су шайып кеткен. Елді мекеннің Ахмет Байтұрсынов ауылымен арасы жылдағыдай езіліп жатыр.
Абырой болғанда, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Аса ауыр науқастар да тіркелмеген, 1 жүкті әйел Арқалық өңірлік ауруханасына жіберілді.
Арқалық қаласынан “Алюминстрой” ЖШС экскаваторы мен Камаз жол төсемі жол қозғалысын қалпына келтіру үшін инертті материалдарды құюға келді.