“Жаңа ғасыр” қайта оралды

“Жаңа ғасыр” қайта оралды

Бүгін Жанкелдин ауданынан жарқырап шыққан осы бір ұжым араға бірнеше жыл салып, “Жайдарман” суперлигасының 1/8 финалында көрермендер көзайына айналды. Соңында өнер көрсетті де ширек финалға тікелей жолдама алған командалардың қатарынан табылды.

Ширек финалға берілер жолдаманы 19 команда бес топқа бөлініп сарапқа салды. Көрермендер залда лық толы болды.

“Осы торғайлық ұжым чемпиондық тұғырға қайта қонатын шығар” деп  топшылап жатты көрермендер.

“Қостанай гуманитарлық колледжінің арулары жанып тұр еді. Шоғын бекер сөндірді…”, – деп қалды тағы бір дауыс.

Қостанай автокөлік колледжінің студенті Азамат(аты-жөнін көрсетпеуді өтінді) олардың барынша шындыққа тура қарағанын жасырған жоқ…

Есесіне, ару қыздардан құралған тағы бір команда – Арқалықтың “Айқазы” қаз-қаз басты. Ойынның түбін түсіріп, көрермендеріне тамаша демалыс сыйлады. Сонау түкпірдегі Көкалат ауылының командасы да талпынып ширек финалға өтті, одан жерлестері Рио да қалыспады. Рудныйлық “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” ұжымы әділ қазылардың қаһарынан қорықты ма, осы ойынға алғаш рет қазылық етіп отырған Ұлпан Жұмабекті ортаға алып шығып, ерекше құрмет көрсетті. Жігіттерден құралған топтар оның жанындағы Ақботаға да гүл сыйлап жатты. Қыздардан құралған бір ұжым белгілі әнші Наурыз Рамазанды әзілімен шымшып, жиналғандарды күлкіге қарық қылды.

“Бүгінгі жайдарман ойыны біз күткеннен керемет болды. Әсіресе, залдың қошеметі ерекше әсер берді. Әзілдеріміздің көрерменге ұнауы бізді шабыттандырды. Біз бұған бір апта дайындалдық. Енді келесі ойынға дайындықты күшейтеміз”, — дейді осы “Арман” командасының мүшесі Гүлім Баймұрза.

Асабалар мен музыканттардан құралған “Толқындастар” ұжымы, арқалықтық “Жер жарар”, рудныйлық “Сарыбай”, “Қала медиа” командалары да келесі кезеңге өтті.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Жаңалықтармен бөлісу