Мамандар алдағы тәулікте облыста көк тайғақ болатынын болжап отыр. Әсіресе, оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жылжып, табиғатқа зардабын тигізуі ықтимал.
“Наурыз айының 26-29 аралығында ауа температурасы түнде 2 градусқа, күндіз 5-23 градусқа дейін көтеріледі. Көбінесе жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне байланысты қардың күрт еріп, кейбір елді мекендер мен авто жолдарды су басу қаупі төніп тұр”, – деп жазды Қазгидромет РМК облыстық филиалының директоры С. Жазылбеков.