Бүгін “Оспанқожа әулие” мешітінің асханасында Жанкелдин ауданы әкімдігі ауызашар берді.
“Қайырымдылық күні” мерекесін ұлықтаған жергілікті билік өкілдері қасиетті Рамазан айында отыз күн Ораза ұстаған мешіт жамағаттарына және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға дастархан жайып құрмет көрсетті. Дастарқан басында елдің абыз қариялары ұрпаққа үлгі болатын тағылымды әңгіме өрбітті. Мешіттің бас имамы Рамазан айының ерекшелігін тілге тиек етіп, құран хадиске сүйеніп, уағыз айтты. Аудан әкімі Шота Оспанов, отыз күн Ораза ұстауға ниет қылған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
“Бүгін біз мекеме, кәсіпорын басшылары өзара ақылдасып, ауызашар беруді ұйғардық. Мың айданда қайырлы Рамазан айында ұстаған Оразаларыңызды, құлшылық ғибадаттарыңыз Алла қабыл етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр істеріңіз сауаптан болсын”, – деді аудан әкімі Шота Оспанов.
Сондықтан сауапты іске жұдырықтай жұмылып, жақсылық жасауға асығайық.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы