Ескі нысандарды бұзуға  347 млн теңге қажет Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

Ескі нысандарды бұзуға  347 млн теңге қажет

Биыл облыстағы қалалар мен ауылдарды  абаттандыруға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 42 %-ке өскен.

Атқарушы билік көгалдандыру жұмыстарынан бөлек, аудан орталықтарында, ауылдық жерлердегі қалпына келтіруге келмейтін  бос ғимараттарды сүруді қолға алмақ.

 “2023 жылы облыстың елді мекендерін абаттандыруға 2 443,9 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. Бұл жоы  3 449,5 млн теңге шамасында  қаражат бөлінді. Биылдан бастап ауылдық жерлерде  қалпына келтіруге жатпайтын бос ғимараттарды анықтау жұмыстары белсенді түрде басталды”, – деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бастығы Дәурен Асқаров.

Аудан әкімдіктерінің мәліметінше, облыста апаттық жағдайда тұрған немесе иесі жоқ 498 бос ғимарат бар көрінеді. Оның  481-і  тұрғын үй, 17-сі әкімшілік ғимарат нысан.

“Сот шешімі бойынша тек 15 ғимарат иесіз деп танылды”, – деді өңір басшысы. – Неге жұмыс дұрыс жүргізілмейді? Кейбір ауданда  бірде-бір үй бұзылмаған. Не күтіп отырсыздар?

Алқа отырысында сын айтылған аудан басшылары бұл жұмыс жыл бойы орындалатындығын айтады. Көптеген үй немесе нысандардың иелері бар. Олар сыртқа көшіп кеткесін байланысып, ортақ шешімге келу қиын. Соған қарамастан апаттық жағдайдағы нысандарды бұзу жұмысы тоқтамайды. Жалпы, облыс әкімдігінің ақпараты сүйенсек, ескі нысандарды бұзуға  347 млн теңге қажет. Бірақ, кейбір аудан әлі күнге қаржыландырылмаған.

“Әкімдердің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп бағалаймын. Біз апатты тұрғын үйлерді немесе құрылыстарды бұзумен айналысуымыз керек. Тұрғындар  қалалар мен аудандарды жаппай тәртіпке келтіру, тазалау  жұмыстарының нәтижесін көруі керек”,  – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу