“НАУРЫЗНАМА” ОНКҮНДІГІ – ҰЛТ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

“НАУРЫЗНАМА” ОНКҮНДІГІ – ҰЛТ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлатудың жана тұжырымдамасы бекітілді. Биылдан бастап Ұлыстың ұлы күні қарсаңында онкүндік бастау алып отыр. 14-23 наурыз аралығында әр күнге атау беріліп, соған орай алуан түрлі іс-шаралар өтеді. Бұл жөнінде облыс және қала әкімдіктерінің өкілдері баспасөз мәслихатында жан-жақты ақпарат берді.

Наурыз  – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын , бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Ол енді жаңа сипатта, бағдарламасы байытылған түрде думандатыла бастайды. Мақсат – осы уақытқа дейін қалыптасқан тұжырымды түбегейлі өзгерту емес, көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашу. Спикерлердің айтуынша, мұның бәрі қазақы дүниетаныммен, ұлттық сана-сезіммен және елдің игі өзгерістерге деген ұмтылысымен үндес. 14-23 наурыз аралығындағы онкүндікке  «Наурызнама» деген атау беріліп отыр.

            «Наурызнаманың» бірыңғай логотипі бекітілді. Барлық елді мекенді, көшелерді наурыз стилінде безендіру басталды. Алғашқы күн, яғни 14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі. Дәстүр бойынша, бұл күні туған-туыстарға, көрші-көлемге, жасы үлкен кісілерге арнайы барып сәлем беру, құрмет көрсету, құттықтау амалдары жасалады. Оны дәріптеуге арналған түрлі іс-шара өткізу жоспарланып отыр. 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Ол қайырымдылықты, мейірімділікті және тату көршілікті насихаттауға бағытталған. Қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдарға көмек көрсету мақсатымен «Әлеуметтік мейірімділік марафоны» іске қосылады. Қарттар үйі, дағдарыс орталығы, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге және көп балалы аналарды құттықтай бару, сый-сияпат табыс ету көзделіп отыр», – дейді облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Әсел Құлмағамбет.

Ал 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл атаулы дата жер-жерде мәдениет, өнер және ұлт құндылықтарын ұлықтау ұранымен өтеді. 17 наурыздағы іс-шаралар тізбегіне «Шаңырақ» атауы беріліп отыр. Бұл күні отбасы құндылықтары дәріптеледі. Аудан-қалаларда жас жұбайлардың некесін қию рәсімін өткізу, нәрестелі болған ата-аналарға «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтарын тарту ету,  елге сыйлы ақсақалдардың Наурыз батасын алу секілді жобаларды жүзеге асыру көзделеді.

            «18 наурыз – Ұлттық киім күні. Нақ осындай атаумен челлендж ұйымдастырылмақ. 19 наурызға «Жанару» атауы еншіленіп отыр. Наурызды елдің заманауи тарихындағы жаңа саяси дәуірдің басталуына өзек болатын оқиға ретінде қарастыру тұжырымдамаға енген. 20 наурыз жаппай ұлттық спортты насихаттауға арналса, 21-не «Ынтымақ» деген атау беріліп отыр. Бұл күні республикалық деңгейде жалпыұлттық телемарафон өткізіледі. Елдің әр өңіріндегі, алыс-жақын шетелдегі қандастарымыз құттықтау эстафетасына қатыспақ», – деп жалғай түсті Ә.Құлмағамбет.

22 наурыздың әу бастан-ақ «Жыл басы» аталатыны баршамызға аян. Бұл күні әдеттегідей мәдени-көпшілік іс-шаралар легі басталып, эноауылдар сап түзесіп, мейрамдық жәрмеңкелер, әр алуан бағдарламалар шымылдығы түріледі. «Наурызнаманың» соңғы күні – 23 наурыз «Тазару» деп аталып отыр. Ел тұрғындарына осы күнді жалпыұлттық экологиялық акцияға арнап, қоршаған ортаны тазалауға бір кісідей жұмылу ұсынылып отыр. Өңірлерде қар аршу, қоқыс жинау, көңілді мерекелік іс-шаралар өткізуді көздейтін «Тазалық эстафетасы» жария етіледі.

Бұдан бөлек, «Наурызнама» онкүндігі аясында Қостанайда өтетін іс-шаралар туралы облыстық Мәдениет басқармасының, қалалық Мәдениет бөлімінің өкілдері толық ақпарат бере өтті. Мерекелік бағдарлама тізбегін оқырман назарына кесте түрінде ұсынамыз.

Өтетін күні Қысқаша сипаттама
1.

14 наурыз –

«Көрісу күні – Амал мерекесі»

«Көрісу күні – Амал мерекесі»

Жастар сарайы (сағат 11.00)

 

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып! – Сити центр 12.00

 

2. 14 наурыз  –

«Көрісу күні – Амал мерекесі»

(сағат 15.00)

Қаланың зиялы қауым өкілдерінің, І. Омаров атындағы қазақ драма театрының, филармония әртістерінің қатысуымен «Наурыздың алғысы хабаршысы – Көрісу күні» мерекелік бағдарлама
3. 14 наурыз  –

«Көрісу күні – Амал мерекесі»

 

«Амал келді, Жыл келді!»

Сити орталығында театрлық концерттік бағдарлама

4. 15 наурыз –

«Қайырымдылық»

Қарттар үйлеріне, дағдарыс орталықтарына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге, көп балалы отбасыларға құттықтаумен бару

Балалар үйіне бару

 «Жан ұя» –  сағат 15: 00

«Жастар Ассамблеясы»

5. 15 наурыз – «Қайырымдылық»

 

Наурыз мерекесі қайырымдылық күні аясында балалардың жазғы демалысына «Қазақстан халқына» ҚҚ сертификаттарын тапсыруға арналған салтанатты іс-шара

Қостанай облысының ауылдық мектептері

Өткізу орны:

1.         Қостанай ауданы, Алтын ауылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай ауданының білім бөлімінің Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ берді-сағат 10.00-де;

2.         Алтынсарин ауданы, Щербаков ауылы, “Мариям Хакімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебі” КММ – 12.00.

6. 15 наурыз – «Қайырымдылық» “Наурыз-шашу” қоғамдық көлігіндегі интерактивті ойын-сауық бағдарламасы
7. 16 наурыз –

«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»

Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шаралар.

Халық қолөнері жәрмеңкелерін, ұлттық тағамдар фестивальдерін өткізу

12.00 – де Наурыз мейрамының басты тағамы –Наурыз көжеден дәм татыру, «Муслима» кафесі

Мастер-класс

87476023417

8. 17 наурыз – Шаңырақ.

«Наурыз бата»

Ақсақалдар мен көп балалы аналардан жас жұбайларға тілек, бата алу үшін «Наурыз бата» стилінде рәсім өткізу

 

9. 17 наурыз – «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» байқаулары 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларды құрметтеу. Үлгілі отбасыларды іріктеудің басты критерийі – «Адал азамат» құндылықтарына сәйкес балалар мен немерелерді тәрбиелеу

 

Қостанай қ., Исмаиловтар отбасы, Арман Оразалыұлы, сағат 12.00-де, Комаров, 97; тел: 87479096192

10. 17 наурыз«Наурыз-базарлық»   «Наурыз-базарлық» жаңа туған балалардың ата-аналарына естелік сыйлықтар табыстап, құттықтауы

 

11. 18 наурыз – «Ұлттық киім күні» Танымал мәдениет, өнер қайраткерлерінің, әртістердің, спортшылардың, блогерлердің және т. б. қатысуымен «Ұлттық киімім күні» тақырыптық челленджін іске қосу

 

12. 19 наурыз  – «Жаңару» «Наурыз – еліміздің жаңа тарихындағы кең ауқымды қайта құруларға жол ашқан жаңа саяси дәуірдің бастамасы» идеологиясын бекіту бойынша кең ауқымды дөңгелек үстелдер мен диалог алаңдарын өткізу

 

13. 20 наурыз –

«Ұлттық спорт»

Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер өткізу

 

Қостанай ауданы Заречное ауылындағы Ат манежінде  2007-2010 ж. т. ұлдар арасында аударыспақтан бойынша ашық облыстық жарыс

Тоғызқұмалақтан Наурыз мейрамына арналған ашық турнир

Қостанай қаласы, Абай атындағы ОМ (ш / а.Юбилейный, 55) – 10.00 сағат

14. 20 наурыз

18.30 сағат

Жастар сарайы

Наурыз мерекесіне арналған қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті
15. 20 наурыз Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған республикалық домбырашылар челленджі
16. 20-21 наурыз

Жастар сарайы

“Наурыз достарын шақырады” халықаралық би өнері фестивалі
17. 21 наурыз –

«Ынтымақ»

сағат 17.00

Театрландырылған концерттік бағдарлама «Қош келдің, Наурыз!»
18. 22 наурыз – «Жыл басы» «Наурыз стиліндегі ең креативті дизайн», «Ең таза кіреберіс», «Наурыз стилінде безендірілген ең әдемі көше» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

 

19. 22 марта– «Жыл басы» Облыс әкімдігі алаңында «Қош келдің, Әз Наурыз!» театрландырылған концерттік бағдарламасы
20. 23 наурыз – «Тазару»  «Тазалық эстафетасын» іске қосу.

Экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаны қорғаудағы қоғамдық бастаманы дамыту. Қоршаған орта тазалығы күнін өткізу, көше тазалаушыларға көмек көрсету, т.б.

 

Басты сурет arbatmedia сайтынан алынды

Жаңалықтармен бөлісу