Бұл туралы облыс тұрғындарына мамандандырылған күзет қызметі ескерту жариялады.
2024 жылғы 14 наурызда сағат 15.00-де Қостанай қаласында “Ұлттық банк” РММ Қостанай филиалының аумағында полицияның, өртке қарсы қызметтің және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетін болады.
Осыған байланысты Тәуелсіздік-Баймағамбетов, Пушкин-Баймағамбетов, Қозыбаев-Пушкин көшелерінің қиылысында автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған қозғалыс уақытша жабылады.
Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз.