Осылайша, ұрының ол әрекеті сәтсіз аяқталып, қылмыс орнында ұсталды.
12 наурызға қараған түні Рудный супермаркеттерінің біріне белгісіз адам алдыңғы есігін бұзып кірген. Қаскүнем 4500 теңгенің түрлі маркалы темекісін қолды қылуға тырысқан.
“Қасбетті сындыру кезіңде дабыл іске қосылып, біз дереу сол жерге бардық. Қылмыс орынында біз касса құрылғысымен жасырынуға тырысқан адамды таптық. Оны ұстағаннан кейін біз оны полицейлерге тапсырдық”, – дейді пульттік күзет қызметкері Айдархан Өміржанов.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Облыстық ПД белсенді азаматтық ұстанымы үшін күзетшілер мадақталатынын атап өтті.