Бүгін Қазақстан футбол лигасының екінші турын Қостанайжың “Тобылы” семейлік “Елімайды” қабылдады.
Ойын әп дегенде қонақтардың сәтті шабуылымен басталды. Алғашқы минутта қақпаның оқ бұрышында құрылған керемет комбинациядан кейін “Елімай” есеп ашты. Араға жиырма бес минут салып, Роман Асранкуловтың әдемі пасымен Игорь Иванович есепті теңестірді. Бұдан кейін қонақтар қақпасының алдында қауіп сейілген жоқ. Нәтижесінде алыстан жасаған жойқын соққысымен Евгений Шахов есепті еселеп, 2:1 қылды. Кездесудің екінші бөлігінде төреші “Тобыл” қақпасына он бір метрлік айып добын белгіледі. Екі жақ теңесті – 2:2. Қорғаушы Еркін Тапалов шабуылшы Голдберг Купердің басына допты дәл қойып берді. “Тобыл” тағы алға шықты. Ойын аяқталар тұста Еркін Тапалов өзі гол соқты. Алыстан жасаған жойқын соққы доптың ұшу траекториясын өзгертіп, сол бұрышқа тура қадалды. Осылайша, қостанайлық команда “Елімайдан” 4:2 есебімен айласын асырды. Турнир кестесі бойынша бірінші орынға көтерілді.