Ақпан айының басында Қостанай қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысынан борышкерді іздеуге жариялау туралы қаулы келіп түсті.
Белгілі болғандай, 35 жастағы жергілікті тұрғын танысынан 2 миллион теңге қарыз алып, ұзақ уақыт бойы ақшаны қайтармаған. Сот талқылаудан кейін, қарыз сомасын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Алайда ер адам жасырынып, сот шешімін орындамағаны үшін іздестірілді. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеушінің орналасқан жерін анықтады. Қазіргі уақытта ол іс сот орындаушысына тапсырылды.
Полиция департаменті сот шешімдерін орындамағаны үшін азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын еске салады.