Торғайда Ардақты әжелер мен ақ жаулықты аналардың әсем кеші өтті 

Торғайда Ардақты әжелер мен ақ жаулықты аналардың әсем кеші өтті 

Жанкелдин аудандық мәдениет үйіндегі айтулы шараның ұйытқысы болған жергілікті “Аналар кеңесі” мен мәдениет үйінің ұжымы көрермендерге рухани демалыс сыйлады.

Сахна шымылдығы мың бұралған бимен ашылды. Сахна сәнін келтірген қариялар, дастарқан басында тағылымды әңгіме өрбітіп, қара шаңырақтың қасиеті жайлы айтты.

Арқалық қалалық “Аналар кеңесі” төрайымы Бақытжамал Аяғанқызы Торғай жұртшылығын аналар күнімен құттықтады.

“Мен киелі Торғай жеріне келін болғаным үшін бақыттымын. Ұзақ жылдар аудан орталығындағы орыс мектебінде сабақ бердім. Шәкірттерім Қазақстанның әр жерінде жоғары лауазымды қызметтерде. Бүгінгі әріптесім, әрі сіңілім Кәмпит Мұхамедзәкірқызы ұйымдастырған кеш өте ауқымды. Біз болашақ жастарға тәрбие беруге міндеттіміз. Казір шыны керек, қыздарымыз қазақ халқының салт-дәстүрін ұмытып барады. Тоқыма тоқуды былай қойғанда, ине-жіп сабақтай алмайтын бойжеткендерді де көріп жүрміз. Сондықтан” Қара шаңырақ” тақырыбындағы іс шара, жастарымызға бағыт бағдар береді деп ойлаймын. Баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен және алда келе жатқан аналар мерекесімен құттықтаймын. Отбастарыңызға амандық пен бақыт тілеймін”, –деді Бақытжамал апамыз.

Толығырақ: газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

 

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Жанкелдин ауданы

Жаңалықтармен бөлісу