Қостанай қаласының әкімдігі Наурыз мейрамы қарсаңында байқаулар жариялайды. Біріншісі – «Наурыз әр аулада» байқауы. Бұл тұрғын үй иелері ұйымдары (МИБ, ПИТК, кондоминимум), көп қабатты үйлердің тұрғындары арасында өтпек. Комиссия ұжымдық және жеке өтінімдерді қабылдайды. Қойлатын талаптар:
1. Көпшілік қатысуы керек;
2. Киіз үй немесе ішкі жабдықтары қамтылған инсталяциясы болуы шарт;
3. Ұлттық тағамдар ұсынылуы қажет;
4. Ұлттық киімдер көрініс табуы керек;
5. Ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүр көрсетілуге тиісті;
6. Шығармашылық нөмірлер дайындау талап етіледі (ән, аспаптарда ойнау, би және т.б.).
Өтінімдер 15 наурызға дейін қабылданады.
Екінші байқау – «Қостанай қаласындағы Наурыз мейрамының үздік киіз үйі». Оған барлық мекеме-ұйым, кәсіпорындар қатыса алады. Қойылатын талаптар:
1. Наурыз мейрамында облыс әкімдігі алдындағы алаңға киіз үй тігу. Ол қажетті жабдықтармен қамтылуы тиіс (киіз кілем, алаша, жамылғы, жастық, шымылдық, сандық, бесік және т.б.) және киіз үйдің жан жағы абаттандырылуы керек (сахна, қоршау);
2. Ұлттық тағамдар ұсынылып, қонақтарды қарсы алу қажет;
3. Ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүр көрсетілуге тиісті;
4. Шығармашылық нөмірлер дайындау талап етіледі (ән, аспаптарда ойнау, би және т.б.).
Бұл байқау дәл 22 наурыз күні өтеді.
Өтінімдер қала әкімдігінде қабылданады.