Анасы қызымен “йоркширский терьер” тұқымды итін алып, жоғарғы қабаттан төмен түсіп келе жатты. Үйдің кіреберісінде үш адам тұрады. Ит алға қарай жүгіріп, әлгі адамдарға үре бастайды. Олардың бірі итті аяғымен теуіп, салдарынан ит қабырғаға қарай ұшып кетті.
Ит иесі полицейлерге қоңырау шалды. Келген учаскелік полиция инспекторы олардан алкогольдің өткір иісі шыққандықтан, медициналық куәландырудан өтуді талап еткен. Алайда, итті тепкен адам одан бас тартып, агрессивті әрекетке барады. Балағат сөйлеп, полицейдің заңды талаптарына бағынбады. Осыған байланысты полиция қызметкері самбо әдісін қолданып, үшеуін де медициналық куәландыруға жеткізеді.
Осылайша, үшеуі де жауапқа тартылды. Жануарға қатыгездік көрсеткені үшін ер адамға 18 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Бағынбағаны және балағат сөздер айтқаны үшін сот оны кінәлі деп танып, 180 мың теңгеден астамға айппұл жазасын тағайындады. Тағы екеуі кіреберісте масаң күйде болғаны үшін және сол жерде темекі шеккендері үшін жазаланды.
Дәл қазір ол иттің жағдайы қалыпты екен. “Тепкен уақытында екі аяғы ақсаңдап, қазір жүгіріп кетті”, – деп иттің иесі полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.