Өткен айда такси жүргізушісінің қарақшылардың шабуылынан құтылу үшін полиция көлігіне қалай соғылғаны туралы хабарлаған едік.
Қостанайдың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты осы жүргізушіге қатысты істі қарады деп хабарлайды vkurse_kz.
Сот ер адамның өмірін сақтап қалу үшін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын атап өтіп, әділ шешім шығарды.
Істе әкімшілік құқық бұзушылық болмауына байланысты тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, 6-7 қаңтарға қараған түні Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған болатын. Жүргізуші қалаға кіргенде, жолаушылардың бірі мойнына пышақ тақап, одан ақша талап етті.
Такси жүргізушісі абдырап қалған жоқ. Ол полиция қызметкерлерінің қызметтік көлігін байқап, әдейі соқтығысқан еді.