Оған 2013 жылы туылған жалпы саны сегіз команда қатысып жатыр.
“Бүгінгі турнирге алты сырттан келген және екі жергілікті команда қатысуда. Астана, Атырау, Петропавл және Өскеменнен келген командалар сайысқа түсуде. Осы турнирге “Затая”, Sport ARASAN”, “Аllur”, “Завтрак чемпионов” кәсіпорындары демеушілік көрсетіп жатыр. Тағы бір ескере кететін жайт, 2013 жылғы балалар арасында футболдан турин бірінші рет өткізіліп отыр, – дейді БЖСМ-нің оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынар Ғалымбекқызы.
Атырау қаласынан келген “Көктем” футбол клубының жетекшісі Ақылбек Тоқтабайұлының айтуынша, жас футболшылар ерекше жағдай жасалған.
“Әуелі Қостанай балалар спорт клубы мектебіне алғысымды білдіремін. Жасөспірімдер үшін керемет ойын болып жатыр. Себебі осындай ыңғайлы манеж еліміздің облыстарында тапшы. Тіпті жоқ деуге болады. Бірінші тур өтті. Біз Өскемендік “Форсаж” командасымен ойын өткізді”, – дейді “Көктем” футбол клубының жетекшісі.
Ойын 18-20 ақпан аралығында “Тобыл Арена” футбол алаңында өтеді.
Б. МЕЙРАМҰЛЫ,
Суреттерді түсірген Р. АЗАМАТҚЫЗЫ