Ауыр атлетикадан Қостанай қаласында өтіп жатқан ел чемпионатының екінші күнінде 2 салмақ бойынша чемпиондар анықталды.
Ерлер, 61 келі (Олимпиадалық салмақ)
1) Мақсат Қуантқан (Қызылорда облысы) — 263 келі (118+145)
2) Әлихан Әскербай (Жетісу облысы) — 254 келі (114 +140)
3)Ерназ Алпысов, ШҚО – 251 келі (110 +141).
Әйелдер. 55 келі
1) Ксения Прозорова (Алматы облысы) – 175 келі (80+95)
2) Юлия Трошкина (Ақмола облысы) – 155 келі (72+83)
3) Нұрсыйла Берікбол (Ұлытау облысы) – 146 келі (64+82).
2010 жылы дүниеге келген Ксения Прозорова ересектер арасындағы алғашқы чемпионатында қарсыластарынан оқ бойы ұзап кетті.
«Ешқандай демалыссыз еңбектенудің арқасында осындай жетістікке қол жеткіздім. Болашаққа деген үмітім зор. Ірі халықаралық додаларда топ жарып, әлемдік рекордтарды салуға бар күшімді саламын», — деп, Ксения Прозорова жарысты қорытындылады.
@qaz_olympics