Қазіргі инновациялық сандық білім ресурстары мұғалімнің көмекші құралы

Қазіргі инновациялық сандық білім ресурстары мұғалімнің көмекші құралы

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа тағылымды білім берудің жаңаша жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алғаны баршамызға белгілі. Әрине, бұның баршасы оқу үдерісіндегі әжептәуір өзгерістерге байланысты ұйымдастырылып отыр. Сондықтан да барша ұстаздар қауымының алдында тұрған ең негізгі ауқымды міндеттері: оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алу мүмкіншіліктерін дамыту әрі жақсарту.

Білім беру практикасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жалпы білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан жаңалықтар деп айтуға болады. “Қазіргі кезеңде мектеп өмірінде болып жатқан жаңа үрдістердің айырмашылығы неде?” деген мәселелер туындайды. Айырмашылықты түсіну үшін білім сапасын қамтамасыз етудің өзімізге және өркениетті елдерде іске асып жүрген жолдарын салыстырып көруге болады деп ойлаймыз. Алдымен «нені оқыту?» деген сұрақ аясында жеке пәндер бойынша берілетін білімнің құрамы мен құрылымы анықталып, көлемін нақтылау қажет. Бұл үрдіс тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінде дәстүрлі болған оқу пәндер жиынтығы болып қалыптасты. Әр пән аясындағы білім мазмұнын оқушыға жүйелеп, өңдеп дайын күйінде жеткізетін болғандықтан, «қалай оқытамыз?» деген сұрақ аясында әдістемелік ізденістер пайда болып отыр. Біздің ойымыз бойынша, педагог шәкірттерге жүйеленіп, өңделген оқу материалды дайын күйінде ұсынбау керек, баланы өз бетімен іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырып отыру үшін жұмыс жасау қажеттігін ескеру керек.

Мұғалімдерге қойылатын талаптар жетерлік. Солардың бірегейі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технология – ақпараттық комуникациялық технологиялар. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның бүгінгі даму кезеңінде осы заманға сай жан-жақты білімді шәкірт тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.

Ал енді, «АКТ құралдары» дегеніміз – ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты тарату, программалық-аппарттық және техникалық құралдар мен құрылымдар. Әсіресе, білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі; электронды оқулық.

Білікті мұғалім үшін ең негізгі мақсат – сабақтарын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны іске асырудың бірден бір жолы – сабақ барысында АКТ қолдану. Оқыту процесі кезінде АКТ-ның бірі интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған жаттығулар мен анимациялық түрде берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың негізгі пәндерге деген қызығушылығын арттыруға болады. Ал видео материалдарын сабақтарда қолдану мен перзентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде, қиялды, абстрактілі ойлауды дамытып отырады. Презентациялар біріншіден оқушыларға жаңа материалды түсіну, игеру үшін (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар , т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса , екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Әсіресе, әдебиет сабақтарында үнтаспа арқылы түрлі аудио өлеңдер, ертегілер мен шығармаларды тыңдауға болады.

Педагог қазіргі кезеңде заманауи АКТ-ның бірнеше түрін меңгеріп отыруы қажет, әрі оны тиімді қолдана білуі де маңызды деп айта аламыз. Олай болатын болса, АКТ-ны сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу үшін қолданып отырғаны жөн деп нық айтамыз.

Бөпежан ҚОЖАҒАЛИЕВА,

№ 15 ЖББ мектебінің педагог-зерттеушісі, физика пәнінің мұғалімі

Салтанат МӘЖЕНОВА,

№ 15 ЖББ мектебінің педагог-зерттеушісі, физика пәнінің мұғалімі

Қостанай қаласы

Жаңалықтармен бөлісу