Қазақстанда электронды лездік лотерея сату дүңгіршектерінің қызметіне шектеу қойылды

 Қазақстанда электронды лездік лотерея сату дүңгіршектерінің қызметіне шектеу қойылды

Мұндай шешім қабылдауға ел азаматтары мен мемлекеттік органдардан келіп түскен арыз-шағым негіз болған.

Ақпаратқа сәйкес, республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды. Ол ереже 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап күшіне енген.

            «Алайда кейбір жерлерде «Lotomatic» «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс істеуі мүмкін. Осыған орай азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған «Lotomatic» киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз, министрліктің Telegram және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралады. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады», – деп хабарланғн Туризм және спорт министрлігінің телеграм-каналында.

Елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып бара жатқаны көпшіліктің жанына батады. Қаншама отбасы да ойран болып, өз-өзіне қол жұмсап жатқандар да аз емес.

Бұл туралы Президент те айтып:

«Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды», – деп тоқталған болатын.

2028 жылға қарай лотоклубтардың жалпы санын 200-ге дейін төмендету жоспарланып отыр.

А.Әбділда

Жаңалықтармен бөлісу