Кеше облыста ауа райы нашарлап, көз көрсетпейтін боран болды. Салдарынан 10 республикалық, 17 облыстық автожол жабылды.
Полиция департаментінің мәліметі бойынша, 420-дан астам полиция қызметкерлері аймақтағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге көмек көрсетті.
Жабық учаскелерде 400-ге жуық көлік қаңтарылып қалды. Сол күні 30 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, материалдық шығын келтірілді.
Полиция департаменті жүргізушілерді ТЖ хабарламаларын елемеуден аулақ болуға, өз маршруттарын алдын ала құрып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков