Кеше түске дейін Рудный қаласы, Арқалық қаласы және Сарыкөл ауданында төтенше жағдайлар қызметінің күшімен қар құрсауында қалып қойған көліктерден 24 адам құтқарылды.
Соңғы тәулікте облыс аудандарында ауа райының нашарлауына байланысты мемлекеттік жүйенің күштерімен бірқатар авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
Рудный қаласында «Рудный-Качар-Федоровка» бағытында қар құрсауында қалғандарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштерімен қар құрсауынан 3 жеңіл және 2 жүк көлігін алып шығып, 16 адам құтқарылды. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.
Бесінші ақпан күні Сарыкөл ауданында апатты-құтқару жұмыстары кезінде қар 1996 және 1988 жылы туған екі ер адам құтқарылды, ауылдағы жақын елді мекендерге жеткізілді. Олар да медициналық көмекке жүгінбеді.
Сол күні Сарыкөл ауылының Сарыкөл көлі жанында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды. Олар да медициналық көмекті қажет етпегендіктен, Сарыкөл ауылына жеткізілді.
«Арқалық-Торғай» бағытында 1977 және 1953 жылы туған екі ер адам құтқарылып, ауылдағы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді.
Жүргізушілер жолға шығарда көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап барып жолға шығуы қажет. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе, түнде және ауа-райы нашарлағанда елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүруден алақ болу қажет.