Арқалық пен Рудныйда арнайы жасақ құрылды

Арқалық пен Рудныйда арнайы жасақ құрылды

Облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің бастамасымен құрылған жасақтың негізгі міндеті – бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бұл жасақ қоғамдық орындарда азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін де бақылайтын болады.

“Облыста  барлығы 200-ге жуық жасақ қызметкері бар. Енді 2 взвод Рудный және Арқалық қалаларында қызмет атқарады. Біз демалыс, мереке күндері қызмет етеміз. Негізінен ойын – сауық мекемелерінің жанында және қоғамдық тәртіпті бұзу ықтималдығы жоғары жерлерді қараймыз”, – дейді ЖҚАЖ командирі Жәнібек Мұхамеджанов.

Облыстық ПД өткен жылы ЖҚАЖ қызметкерлерінің көмегімен “ізін суымай” 40 қылмыс ашылғанын, азаматтардан тыйым салынған 18 зат, оның ішінде пневматикалық қару, соғу таяқтары мен пышақтар тәркіленгенін атап өтті.

Жаңалықтармен бөлісу