Қазақ елінің спортшылары тарихи жеңіске қол жеткізді

Қазақ елінің спортшылары тарихи жеңіске қол жеткізді

Су спорт түрлерінен Әлем чемпионатында  жерлестеріміз Эдуард Ким мен Наргиз Болатова ел қоржынына  алтын жүлде сыйлады. Қазақстандық жұп әртістік жүзудің техникалық аралас дуэті бойынша Қытай (223,3166), Мексика (217,5192) елінен келген атлеттерді артқа тастап, 228,0050 ұпайды еншілеріне жазды.

Жеңімпаздарды ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтады:

“Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында отандастарымыз Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова әртістік жүзуден тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның су спорты түрлерінен әлем чемпионатында иеленген алғашқы алтыны. Қазылар қазақстандық жұптың өнеріне 228 ұпай берді. Күмісті Қытай, қоланы Мексика спортшылары алды. Барлық спорт жанкүйерін, Нарғыз бен Эдуардты әлем чемпионатындағы жарқын және тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер өте тамаша өнер көрсеттіңіздер”, – деді министр.

Жаңалықтармен бөлісу