Премьер-Министр “СарыарқаАвтоПром” ЖШС зауытында “Chevrolet Оnix” автокөлігін өндіру желісін техникалық іске қосуға қатысты. “Allur Group” компаниялар тобы” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, зауыт толығымен ішкі нарыққа бағдарланған, яғни қазақстандықтар үшін қолжетімді автомобильдер шығаратын болады. “Chevrolet Оnix” автокөлігін өндіру аясында мұнда 400 жұмыс орыны құрылған.
Әлихан Смайылов “Агромашхолдинг.кз” АҚ локализация орталығында болды. Компания президенті Динара Шүкіжанова еліміздегі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді оқшаулау жоспарлары туралы айтып берді.
Компанияның негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, автокомпоненттер мен қосалқы бөлшектер өндіру. Өндіріс ошағы 1000 комбайндардың, 3000 трактор, 300 егін сепкіш, 200 іріктеуші платформаны құрастыруға қауқарлы.
Бүгінде өндіріс жетекшілері бұл жерден нндустриалдық зона құруды көздеп отыр.
«Шағын өндіріс аумағының бағдарламасы дайын тұр. Жоспар іске асқан жағдайда логистикалық бағыттарға уақытты үнемдейміз. Жергілікті қамту орталығының жүйелі құрылымы, қосымша қосылған құн салығының түсімін Қазақстанда көбейтіп, шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік болады», – деді АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев.
Үкімет басшысы бұл бастаманы қолдайтының білдірді.
«Бұл аумақтан көліктердің үлкен динамикасын көріп отырмыз. Өткен жылы 6400 комбайн, тракторлар шығарылды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш жиырма пайызға артық орындалып отыр. Өндірістің локализациялық орталыққа біріккені қазір өте маңызды. Жергілікті құрылымды кеңейту қажет. Машина құрастыру өндірісін үлкен қарқынмен дамыта берген абзал», – деді Әлихан Смайылов
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев