Қызылшамен күрес: 25 қаңтардағы жағдай

Қызылшамен күрес: 25 қаңтардағы жағдай

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша Қызылша дерті жаңа жылдан бері  107 адамда расталды.
Науқастардың басым бөлігі Қостанай қаласында тіркелен – 198 жағдай. Айта кету керек, ауруға шалдыққандардың негізгі контингенті – 14 жасқа дейінгі балалар, көбінесе 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар.
Ауру көбінесе вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркеледі, бұл көрсеткіш бүгінде 74,5% (245 жағдай) құрайды.

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын 35 бала қызылшамен ауырып жатыр, оқушылар арасында 39 жағдай, студенттер арасында 56 жағдай тіркелді.

Қостанай облысында ҚЖИ шеңберінде барлығы 44 500 адам вакцинациялануға жатады, 24 қаңтар кешке 37 376 адам егілді, бұл екпе алуға жататын адамдардың 84.0% -ды құрайды. Бір тәулікте 1379 адам вакцинацияланды.

Жаңалықтармен бөлісу