Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша былтырғы өңірде сәуір мен 2024 жылғы 21 қаңтар аралығында қызылшаның 312 жағдайы тіркелді. Қаңтардың 21 күнінде осы диагноз 93 адамда расталды.
Науқастардың басым бөлігі Қостанай қаласында тіркелен – 194 жағдай.
Айта кету керек, ауруға шалдыққандардың негізгі контингенті – 14 жасқа дейінгі балалар, көбінесе 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар.
Ауру көбінесе вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркеледі, бұл 74,3% (232 жағдай) құрайды. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын 33 бала қызылшамен ауырды, оқушылар арасында 35 жағдай, студенттер арасында 55 жағдай тіркелді.
Қостанай облысында ҚЖИ шеңберінде барлығы 44 500 адам вакцинациялануға жатады, 21 қаңтар кешке 33 970 адам егілді, бұл екпе алуға жататын адамдардың 76,3% – құрайды. Бір тәулікте 591 адам вакцинацияланды.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА