Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттады

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада өзгеріссіз қалса, жылдық мәнде 2,9% өсті деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросынан.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 атау кіретінін ескерсек, баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Ол ақпараттар барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы төмендегідей:

9 қаңтардағы жағдай бойынша

Күріш – 486 тг/кг,

сиыр еті (жауырын, төс бөлігі) – 2513 тг/кг,

орамжапырақтың келісі 147 теңгеден сатыла бастады.

Жаңалықтармен бөлісу