Соңғы кездері қала аумағында түрлі себептермен құқығынан айрылған адамдардың көлік басқарып жүрген жағдайлары жиілеп кеткен.
Арқалық қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша осындай жеті қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойыншақылмыстық құқық бұзушылықтын бұл түрі үшін кінәлілерді 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
М.Бекетұлы
Арқалық қаласы